Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ЖАС ДЕПУТАТ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

6 марта, 2021
in Cаясат, Билік, Жаңалықтар
0
ЖАС ДЕПУТАТ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
0
SHARES
27
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Студенттік өзін-өзі басқару – студенттердің оқуын, тұрмысын басты назарға алып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, оқу орыны қабырғасында студенттік бастамаларын қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өзіндік, қоғамдық қызметінің ерекше үлгісі саналады. Өзін-өзі басқару жүйесіне тартылатын студенттер жан-жақты білімді, ізденімпаз, жаңашыл болуы үлкен маңызға ие.
Жуырда Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев Мақтаарал аграрлық колледжінде міне осындай бастамашыл студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуде жас депутат колледждің белсенді жастарымен ашық сұхбат құрып, мамандықтары туралы пікірлерін тыңдап, болашақтағы жоспарларына қанықты. Колледжішілік өзін-өзі басқару ұйымының студенттердің әлеуметтік-маңызды бастамаларын іске асыру, білім беру үдерісін басқаруға қатысуды жүзеге асыра отырып студенттердің сапалы білім алуларындағы тиімді мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстарының барысымен танысты. Нәтижелі жұмыс істеп келе жатқан ұйым жетекшілерінің үйлестірушілік қабілеттеріне жоғары бағасын берді.
Өйткені, түрлі салалармен терең жұмыс жасау арқылы және студенттерді дұрыс үйлестірудің арқасында оқу орнындағы оқытушылардың білім, білік, дағдылар жиынтығын қалыптастыруда, студенттердің өзін-өзі жетілдіруі мен өзін-өзі тәрбиелеуде атқарып жатқан жұмыстары жемісті болмақ.
Жиын барысында өмірдегі өз орнын анықтай алатын сапалы біліміне сүйеніп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыратын, үнемі даму үстінде жүретін, өз-өзін өмір бойы оқуға бағыттап отыратын колледж студенттерімен психологиялық тренинг өткізіліп, түрлі тақырыптардағы білімдері сынға түсті. Еркін форматта қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстары тыңдалды.

 

Алдыңғы жаңалық

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ МЕН АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРА ЕСКЕРТЕДІ !!!

Келесі жаңалық

АХАТ ОРГАНДАРЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі