Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АХАТ ОРГАНДАРЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛДЫ

6 марта, 2021
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
АХАТ ОРГАНДАРЫНА 100 ЖЫЛ ТОЛДЫ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Биыл елімізде Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдарына 100 жыл толып отыр. Тарихқа қарайтын болсақ, бұл орган 1921 жылы 5 наурыз күні құрылған екен. Осынау мерейлі мереке қарсаңында Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов, Жетісай Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Тимур Қырықбаевтар. Жетісай ауданының АХАТ саласына еңбегі сіңген азаматтарды айтулы даталарымен құттықтап сый-сияпат көрсетті.
Өздеріңіз білетіндей, қазақ даласында жиырмасыншы ғасырдың 20-жылдарына дейін азаматтардың хал актілерін тіркеу ісімен мешіттер сосын шіркеулер айналысып келді. Толықтай адамдарды тіркемесе де, жобалап есеп жасап отырған. Кейін бертін келе ҚазКСР кеңес халықтары комитетінің шешімімен азаматтардың хал актілерін тіркеу органы құрылады. Ондағы ең басты мақсат адамдарды мемлекеттік тізімге алып отыру еді. Адамдарға ғасыр бойы қызмет көрсетіп келе жатқан органда талай өзгерістер болды. Сонау алпысыншы жылы АХАТ органдары жергілікті атқарушы органдардың құзырына беріледі. Ал, 1998 жылы АХАТ қызметі басыбайлы Әділет министірлігіне қарады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы №898 Жарлығына сәйкес, АХАТ саласы жергілікті атқарушы органдарға қайтадан берілді. «Қазір жұмыс бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеген. Бұрындары бір жапырақ мәлімет алу үшін том-том журналдарды ақтарып көп уақыт жоғалтатын едік. Қазір бірыңғай жинақтаушы базадан ақпаратты лезде аламыз. АХАТ саласы қызметкерлерін айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл сала адамның тіршілігіне қажетті құжаттардың басым бөлігін беретін ерекше сала. Осындай қызығы мол жұмыс жолында тынбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін» деді Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.
Қосымша айта кететін болсақ, 2020жылы 9847 азаматтық хал актілері тіркелген.
Оның ішінде
тууды тіркеу — 6130 қайтыс болуды тіркеу-1180 неке қиюды тіркеу-1443
некені бұзу-112, әке болуды анықтау-139, аты жөні өзгерту -17, АХАЖ қалпына келтіру-428, актілермен жазбаларға толықтырулар және түзетулер -361 АХАЖ жою -37 болған.

 

Алдыңғы жаңалық

ЖАС ДЕПУТАТ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

Шымкент: жарылғыш зат залалсыздандырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі